Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай балаларға арналған тегін батут ойын алаңы ұйымдастырылды. Игі шараның басты мақсаты – бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, айт күндерінің қуанышын сезіндіру болды. Мешіт ауласына жиналған балалар асыр салып ойнап, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. Сонымен қатар ата-аналар да мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, жасалған игі іске ризашылықтарын жеткізді.
Айтулы мерекеде ұйымдастырылған бұл шара – балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен мейірімді арттыруға бағытталған тағылымды бастама болды. Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешіті имамы Кеулимжаев Нурмухамедтің ұйымдастыруымен өтті. Алла тағала барша игі амалдарды қабыл етіп, елімізге тыныштық, әр шаңыраққа береке мен қуаныш нәсіп етсін! Айт мерекесі құтты болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

