Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлы намаздан кейін жамағатқа «Мүлікті игі іске беру – шексіз сауап» тақырыбында уағыз айтты. Уағыз барысында қасиетті дінімізде садақа мен қайырымдылықтың орны ерекше екені кеңінен түсіндірілді.
Имам адам баласының қолындағы нығметтің барлығы Алланың аманаты екенін айтып, оны мұқтаж жандарға көмектесу, мешіт-медресе ісіне үлес қосу, қоғамға пайдасы тиетін игі істерге жұмсаудың үлкен сауапқа кенелтетінін жеткізді. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадистерінен мысалдар келтіріліп, садақа берудің адамның ризық-несібесін арттырып, жүрегіне тыныштық сыйлайтыны баяндалды. Жамағатты ысыраптан сақтанып, қолындағы мүмкіндігін қайырымдылық пен ізгі амалдарға бағыттауға шақырды.
Жиналған жамағат уағыздан рухани әсер алып, игі амал жасаудың артықшылығы мен сауапты істердің қоғам бірлігіне тигізер пайдасы жайлы мол мағлұмат алды. Алла тағала баршамызға мал-мүлкімізді игі жолға жұмсап, сауапты амалдар жасауды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

