«Еңбекші» мешітінде ұлық мереке — Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін, мешіт ауласында игі дәстүрлеріміз жаңғырып, мерекелік думан басталды.
Мереке құрметіне арнайы тігілген сәулетті киіз үйде ауыл үлкендері мен жамағатқа ақ дастархан жайылып, бауырсақ пен шипалы қымыз ұсынылды. Басқосу барысында ауыл қариялары ұлық күннің құндылығын тілге тиек етіп, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін ақ баталарын берді.
Дәл осы уақытта мешіт ауласында спорттық шара ұйымдастырылып, ауыл жастары гіртасынкөтеруден өзара бақ сынасты. Білек күшін сынап, ептілік танытқан жастардың тартысты жарысы мерекенің көркін қыздырып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

