Қордай: Мешіттің асхана қызметкерлеріне Құрбан айтқа сыйлық берілді

Қордай: Мешіттің асхана қызметкерлеріне Құрбан айтқа сыйлық берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы «Құдайберген» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай игі шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Саламат Сәлімұлының бастамасымен мешіт асханасында қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге мерекелік сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілді.

Шара барысында асхана қызметкерлерінің мешіт тіршілігіндегі еңбегі ерекше атап өтіліп, жамағатқа қызмет етудегі адал еңбектері үшін алғыс айтылды. Сонымен қатар, оларға ақжарма тілектер мен баталар беріліп, Құрбан айттың рухани маңызы насихатталды.

Осындай ізгі амалдар арқылы мешіт қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, ынтымақ пен бірлік нығая түсті. Алла Тағала баршаңыздың еңбектеріңізге береке беріп, жасаған қызметтеріңізді сауаптан жазғай. Құрбан айтта Алла Тағала әр шаңыраққа құт-береке, амандық пен молшылық нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: