Қордай: Құрбан айт намазы оқылып, спорттық шаралар ұйымдастырылды

Қордай: Құрбан айт намазы оқылып, спорттық шаралар ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт намазы оқылып, жамағатқа мерекелік уағыз айтылды. Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы барша мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтап, Құрбан айттың мұсылман жұртшылығы үшін маңызы зор мейрам екенін атап өтті.

Уағыз барысында құрбан шалудың сауабы, мұқтаж жандарға көмек беру, бауырмалдық пен жанашырлық секілді ізгі қасиеттер жайында насихат айтылды. Айт намазынан кейін жамағатқа ұлттық дастархан жайылып, көпшілік ақ дастарханнан ауыз тиіп, ел амандығы мен жұрт тыныштығына дұға жасалды. Мерекелік шара барысында мешіт ауласында ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылып, жамағат көтеріңкі көңіл-күйде белсенділік танытты. Қатысушылар қой көтеру, арқан тарту, гір көтеру және садақ атудан сынға түсіп, өзара бақ сынасты.

Спорттық сайыстар көпшіліктің қызығушылығын оятып, әсіресе жастардың ұлттық ойындарға деген ынтасын арттырды. Жарыс барысында жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс білдіріліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесі аясында мешітке келген тұрғындар бір-бірімен амандасып, ақжарма тілектерін айтып, рухани мерекенің берекесін сезінді. Іс-шара халықтың ауызбіршілігін нығайтып, ізгілік пен татулықты дәріптеген тағылымды кездесу болды.

Баршаңызға Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала шалынған құрбандықтар мен жасалған игі амалдарды қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: