Ұлық мереке — Құрбан айт күні Мойынқұм аудандық мешітінде ізгі дәстүрімізді ұлықтаған тағылымды шара өтті. Мешіттің бас имамы Ержан Көшкімбайдың бастамасымен ауылдың дамуына үлес қосып, бірлігін ұйытып отырған сыйлы ақсақалдарға ерекше құрмет көрсетілді.
Мерекелік басқосу барысында имандылық пен ұлттық құндылықтар насихатталып, ел ағаларының иығына дәстүрге сай сәнді шапандар жабылды.
Жүректері қуанышқа кенелген ауыл қариялары көрсетілген ерекше ілтипат үшін мешіт ұжымына дән риза болып, елдің тыныштығы мен берекесі үшін ақ баталарын берді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

