Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Құрбан айт — мейірім мен қамқорлық жәрмеңкесі» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Игі бастама әйел ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйытқы болуымен өтті.
Қайырымдылық жәрмеңкесінің негізгі мақсаты — мұқтаж жандарға қолдау көрсету, жамағат арасында мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін насихаттау болды. Шара барысында түрлі тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдар ұсынылып, түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарына бағытталды. Жәрмеңкеге мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, сауапты іске өз үлестерін қосты. Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар қоғамдағы ауызбіршілік пен қамқорлықтың артуына себеп болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, Құрбан айт мерекесінің рухани мәнін терең сезінді. Шара соңында атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтылып, әрбір берілген садақа мен жасалған қайырымды істің сауабы еселене беруіне дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

