#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде ұлттық ойындардан жарыс өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде ұлттық ойындардан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық мереке — Құрбан айттың құрметіне орай, Мойынқұм аудандық мешітінің ауласында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарының басын қосқан бұл жиында ата-бабамыздан қалған ұлттық ойын түрлерінен жарыстар өтті.

Мерекелік думанға қатысушылар белсенділік танытып, арқантартыс және гантелькөтеруден өзара бақ сынасты. Тұрғындардың спорттық рухын шыңдап, бірлігін бекемдеген бұл шара мешітке келушілерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жарыс соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапатталды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: