Құрбан айттың шуағы «Төле би» ауылындағы «Ерекше балалар орталығына» да жетті. Мерекеге орай ұйымдастырылған қайрымдылық шарасы аясында орталықтың 25 балаға арнайы дайындалған тәтті қоржындар табыс етілді.
Бұл игі қадам жүрегі ерекше бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлады. Ұлық мерекенің шынайы мәні — мейірімділік пен қамқорлық екенін ұғындырған бұл шара балалар үшін нағыз мерекелік тартуға айналды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



30 Мамыр 2026
13 Зуль-хиджа 1447

