Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Ал Хафиз» мешітінде «Құрбан айтқа» мерекесіне дайындық аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Игі шара мешіт имамы Таукеев Талғаттың ұйымдастыруымен өтті. Тазалық жұмыстары барысында мешіттің ішкі-сыртқы аумағы толықтай ретке келтіріліп, ауласы қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, мешіт қабырғалары әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді.
Аула маңайы тазартылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар көркейту жұмыстары атқарылды. Шараға ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар мешіт тазалығын сақтап қана қоймай, жамағат арасында бірлік пен ынтымақтың артуына да ықпал етеді. Ұйымдастырушылар қасиетті Құрбан айт мерекесін таза әрі көрікті мешітте қарсы алу — әрбір мұсылман үшін сауапты іс екенін жеткізді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

