«ӘЛІ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ДҮБІРЛІ СҮРГІНМЕН ӨТТІ

«ӘЛІ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ДҮБІРЛІ СҮРГІНМЕН ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүректерді meйірім мен бірлікке үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы Тараз қаласындағы «Әлі ата» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті. Айт намазынан keйін мешіт ауласында жамағаттың басын қосқан ауқымды ұлттық және спорттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Бұл дода дін мен дәстүрді ұштастыру, жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынды.

Игі шараны Жамбыл облысы бойынша "Дін мен дәстүр" бағытына жауапты маманы Ғайырфолла Әмірбеков пен «Әлі ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймаханов жоғары деңгейде жүргізіп, үйлестіріп отырды.

Мешіт ауласына жиналған қалың қауым қол күрес, арқан тартыс, ләңгі тебу және қой көтеру секілді тартысты спорт түрлерінен бақ сынасып, нағыз білек пен жүректің күшін ортаға салды. Сайыстың жалпы жүлде қоры 250 000 теңгені құрап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды:

Қол күрес (Армрестлинг):

  • 1-орын: 20 000 теңге

  • 2-орын: 10 000 теңге

  • 3-орын: 5 000 теңге

Арқан тартыс (Командалық есеп):

  • 1-орын: 30 000 теңге

  • 2-орын: 20 000 теңге

  • 3-орын: 10 000 теңге

Ләңгі тебу:

  • 1-орын: 20 000 теңге

  • 2-орын: 10 000 теңге

  • 3-орын: 5 000 теңге

Қой көтеру (Бас бәйге):

Сайыстың ең тартысты әрі қызықты сәті – қой көтеру жарысы болды. Мұнда белсенділік танытып, оқ бойы озық шыққан абсолютті жеңімпаз 120 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені қанжығасына байлады.

Дүбірлі спорттық шара аяқталған соң, мерекелік думан мешіт ауласында бой көтерген ұлттық нақыштағы сәулетті киіз үй ішінде жалғасты. Жиналған жамағат пен қонақтар ақ дастарқан басында бас қосып, дәмді айттық мәзірден ауыз тиді. Ынтымағы жарасқан қауым бір-біріне ізгі тілектерін жаудырып, мешіт имамдары елдің амандығы мен жұрттың тыныштығы үшін ықыласпен бата беріп, дұға жасады.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: