ЖАС ҚАРИҒА ҰМРА САПАРЫНА ЖОЛДАНМА БЕРІЛДІ

ЖАС ҚАРИҒА ҰМРА САПАРЫНА ЖОЛДАНМА БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің қарилар даярлау курсы өзінің кезекті 21-ші қариын қанаттандырды. Қасиетті Алла сөзін жүрегіне бекем тоқып, Құранды толықтай пысықтап жаттап шыққан кезекті түлек — жас қари Ерман Қалаш. Дарынды шәкірт биылғы Рамазан айында Құранды толық жаттап үлгермесе де, зор қабілетінің арқасында 15 парамен тарауық намазында хатымға шығып, жамағаттың ықыласына бөленген болатын.

Ұлық мереке — Құрбан айт намазына жиналған қалың қауымның алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы осынау зор қуанышты жария етті. Құлшылық ордасына жиналған ақсақалдар жас қариға ақ батасын беріп, рухани жолда бекем болуын тіледі. Шара барысында облыс бас имамы мен аталған қайырымдылық мекемесінің директоры, ұстаз Бірлік Амангелді жас талаптың еңбегін ерекше бағалап, оған қасиетті Мекке шаһарына Ұмра сапарына жолдама салтанатты түрде табыс етті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: