ТАРАЗДА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

ТАРАЗДА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІ БАСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүректерді ізгілікке бұрып, адамзатты бауырмалдық пен жомарттыққа үндейтін ұлық мереке – Құрбан айт ел аумағында кеңінен аталып өтуде.

Тараз қаласында айт намазы оқылғаннан кейін, Исатай 1Т мекенжайында орналасқан арнайы қасапханада құрбан малдарын шалу рәсімі ресми түрде бастау алды. Ұлық мерекенің басты жоралғысы атқарылып жатқан бұл орында таң ата салысымен жұмыс қызып, құрбандыққа атаған қой, ешкі, ірі қара және түйе малдары шариғат талаптарына сай бауыздалуда.

Мал сою науқанының жоғары деңгейде және тазалық талаптарына сай өтуі үшін мұнда ерекше дайындық жасалған. Қасапханада қызмет етіп жатқан қасапшылардың барлығы – ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің арнайы оқыту семинарынан өткен, біліктілігі расталған және тиісті сертификаттары бар кәсіби мамандар. Бұл мал сою барысында шариғат әдептерінің қатаң сақталуын және ет өнімдерінің толықтай халал стандарттарына сай болуын қамтамасыз етеді.

Құрбандық шалудың барлық барысын, малдың жай-күйінен бастап, еттің мұқтаж жандарға үлестірілуіне дейінгі аралықты ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен ҚМДБ «Халал Даму» ұйымының өңірдегі жауапты өкілдері мен мамандары тікелей қадағалап отыр.

Сонымен қатар, бұл ауқымды сауапты іске мешіт еріктілері де жаппай жұмылдырылған. Волонтерлер тобы қасапхана ішіндегі тәртіпті реттеуге, етті мүшелеп бұзуға және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға арналған үлестерді арнайы қаптарға салу жұмыстарына белсенді көмектесуде. Осылайша, ұйымшылдықпен басталған игі шара қала тұрғындарының құрбандықтарын аман-есен әрі дер уақытында өткізуге толық жағдай жасап отыр.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: