ТАРАЗДА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ТАРАЗДА АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлық мереке – Құрбан айттың алғашқы күнінде Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің ауласында ауқымды спорттық шара ұйымдастырылды. Ұлттық ойындарды дәріптеуге және жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бұл дода айт намазынан кейін бірден бастау алды.

Мерекелік сайысқа жиналған қауым рухани қуанышпен қатар, спорттық бәсекеде де өзара ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсетті. Сайыскерлер гір тасын көтеру, қол күрес (армрестлинг) және тартысқа толы арқан тартыс секілді ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасып, өздерінің күш-қуаты мен ептіліктерін ортаға салды. Мешіт ауласына жиналған жанкүйерлердің де қарасы қалың болып, спортшыларға ерекше қолдау көрсетті.

Дәстүр мен спортты ұштастырған бәсекеде оқ бойы озық шығып, белсенділік танытқан азаматтар арнайы марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Дүбірлі дода аяқталған соң, мешітке жиналған қауым бір-біріне ақ тілектерін жаудырып, мерекелік дастарқандарға – айттауға аттанды. Бұл шара қала тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға үлкен серпін берді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: