ТАРАЗДА «AIT QUIZ» ДИНИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

ТАРАЗДА «AIT QUIZ» ДИНИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрбан айт мерекесінің қарсаңында Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде жамағат арасында тұңғыш рет «AIT QUIZ» атты діни интеллектуалдық топтық ойыны ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, ой-өрісін дамыту және мешіт арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

Құптан намазынан кейін басталған тартысты білім додасына мешіт жамағатынан құралған 14 топ қатысты. Ережеге сай, әр топта 5 адамнан бақ сынап, ислам тарихы, шариғат үкімдері мен діни ұғымдар төңірегіндегі күрделі сұрақтарға жауап іздеді. Қызықты әрі танымдық атмосферада өткен ойын қатысушылардың өзара ауызбіршілігін арттырып, интеллектуалдық әлеуетін аша түсті.

 Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша озық ойлы, ұшқыр жауаптарымен ерекшеленген жеңімпаз топтар анықталып, оларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

1 орынға 50 000 теңге, 2 орынға 40 000 теңге, 3 орын үшін 30 000 теңге "Ritm Day" мейрамхана кешенінде тамақтануға сертификат, 4 орынға бағалы естелік сыйлықтар мен діни кітаптар табысталды. 

Мешіт жамағаты рухани азық сыйлаған бұл ерекше форматтағы шараға дән риза болып, алдағы уақытта да жалғасын тапса деген лебіздерін білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: