ТАРАЗДА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

ТАРАЗДА АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандары бүгін ұлық мереке – Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін қарсы алуда. Еліміздің түкпір-түкпірінде Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымы қасиетті мейрамды бастап кетті. Тараз қаласының жамағаты да айттың ақ таңында облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне ағылып, айт намазына қатысты.

Таң намазынан айт намазына дейінгі уақытта құлшылық ордасында қасиетті Құран аяттары оқылып, салауаттар айтылды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Құрбан айт мейрамының мән-маңызы, құрбандық шалудың әдептері жайында тағылымды уағыз айтып, барша жамағатты айтулы мерекемен құттықтады.

Таңғы сағат 6:00-де жиналған қауым бас имамға ұйып, қасиетті айт намазын өтеді. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, өңірдегі ең үлкен мешіттің іші де, ауласы да лық толды. Айт намазы барысында жамағат бір ауыздан тәкбір ташриқ айтып, Алланы ұлықтаған дауыстар құлшылық ордасын жаңғыртты. Намаздан соң бас имам жамағатпен бірге Отанымыздың тыныштығын, елдің іргесі бүтін, берекесінің мол болуын тілеп, ықыласпен дұға жасады. Айт намазынан соң облыс бас имамы бастап аттау дәстүрі жалғасын тапты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: