ТАРАЗ: МЕШІТАРАЛЫҚ СИРА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ТАРАЗ: МЕШІТАРАЛЫҚ СИРА ЖАРЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Зейнеп Усенованың ұйымдастыруымен мешітаралық «Сира» интеллектуалды жарысы өтті. Ауқымды білім додасына аудан және қала мешіттеріндегі ұстаздардың тәлім алып жатқан шәкірттері қатысып, жалпы саны 11 топ бақ сынады. Әр топтың намысын 4 қатысушыдан құралған білімді қыздар қорғады.

Төрт кезеңнен тұрған тартысты додада қатысушылар ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ ғибратты өмірбаяны, ислам тарихы мен асыл құндылықтар бойынша өз білімдерін ортаға салды. Шәкірттердің ізденісі мен қызығушылығын арттырған интеллектуалды жарыс көрермендер мен көпшілік қауымның жоғары бағасына ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша озып шыққан жүлделі орын иелеріне арнайы құнды кітаптар табысталды. Шара соңында мешіт ұстазы Зейнеп Усенова «Пайғамбарға сағыныш» тақырыбында әсерлі уағыз айтып, жиналған шәкірттерді Алла елшісінің ﷺ сүннетіне берік болуға және шынайы Пайғамбар үммәті атануға шақырды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: