ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты Қаратау қаласында Құрбан айт мерекесінің қарсаңында жаңа «Маржанкүл ана» мешітінің салтанатты ашылуы өтті. Игі шараға облыс бас имамы, аудан имамдары, жергілікті зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мешіттің ашылу рәсімі қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Құран аяттарын Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мәнерлеп оқып, жамағатқа рухани әсер сыйлады. Алғашқы құттықтау сөзді Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы алып, жиналған қауымды жаңа Алла үйінің ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, мешітке Құран Кәрімді сыйға тартып, оның рухани орда ретіндегі маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында жаңа мешіттің бас имамы болып Ғазиз Бақытжанұлы ресми түрде тағайындалды. Бұл жауапты қызметке тағайындалған имамға үлкен сенім білдіріліп, ел игілігі жолында қызмет етуі тіленді. Сондай-ақ, мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасаған азаматтар – Жамбылов Байбосын мен Алпамыс Бақытұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиінің алғыс хаты табысталды.

Салтанатты шара облыс бас имамының жұма намазы алдында жамағатқа тағылымды насихат айтуымен жалғасты. Кейін ол жұма намазын жүргізіп, жамағатпен бірге дұға жасалды. Жаңа мешіт – ел бірлігі мен руханиятының символы ретінде Қаратау қаласының тұрғындарына қызмет етпек.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: