ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - ҚОҒАМ ДЕРТІ

ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - ҚОҒАМ ДЕРТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Ермуханбет Берсүгір Қызылқайнар ауылындағы Бейсеу ата мешіті жамағатымен арнайы рухани кездесу өткізді. Кездесу барысында «Суицид – қоғам дерті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Имам адам өмірінің қасиетті аманат екенін айтып, оның қадірін білу әрбір мұсылманның міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар қандай қиындық кездессе де үміт үзбеудің маңызына тоқталды. Уағыз барысында сабыр мен шүкіршіліктің адам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Жастарды күйзеліске бой алдырмай, өмірге оң көзқараспен қарауға шақырды. Отбасы тәрбиесі мен ата-ананың балаға деген жанашырлығы жөнінде де маңызды ойлар айтылды. Имам қоғамда бір-біріне қолдау көрсету мен мейірімділіктің аса қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ рухани әлсіздік пен жалғыздықтың алдын алу үшін діни сауаттылықтың маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында жамағатқа өмірдің сынақтарына төзімділікпен қарау жөнінде насихат айтылды. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиын әсерлі әрі тағылымға толы жағдайда өтті. Кездесу соңында жамағат ұйымдастырылған түсіндірме жұмысының тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: