ЖАМБЫЛ: КІШІ ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: КІШІ ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Бәйдібек" мешіті мен Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ұйымдастыруымен Жамбыл облысына қарасты мешіт имамдары арасында кіші футболдан тартысты жарыс өткізілді. Аталған спорттық додаға өңірдің әр ауданынан келген 10 команда қатысып, өзара бақ сынады. Жарыстың басты мақсаты – имамдар арасындағы ауызбіршілік пен салауатты өмір салтын насихаттау болды. Турнир барысында командалар жоғары дайындық пен ерекше белсенділік көрсетті. Әрбір кездесу тартысқа толы өтіп, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Нәтижесінде І орынды Қордай ауданының құрамасы иеленді. Ал ІІ орын Хибатулла Ат-Тарази мешіті командасына бұйырды. ІІІ орынды Жуалы ауданының командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Спорттық шара соңында ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: