Ұлық мереке – Құрбан айттың жақындауына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ұйымының мұрындық болуымен республика бойынша қасапшыларға арналған ауқымды семинар-тренинг өтті. Шариғат талаптары мен санитарлық нормаларды сақтауды мақсат еткен бұл маңызды шараға Жамбыл облысының өңір мамандары, дін қызметкерлері мен ерікті қасапшылары Тараз қаласындағы облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде онлайн форматта қосылды.
Жиын барысында Құрбан айт күндері мал союдың шариғи үкімдері мен әдептері, малды қинамай бауыздаудың қыр-сыры және ет өнімдерін өңдеудегі халал стандарттарының талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелеріне ерекше екпін берілді. Онлайн басқосуға қатысқан жамбылдық мамандар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, біліктілікті арттыруға бағытталған құнды мәліметтер алды. Мұндай шаралар алдағы Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалу рәсімін жоғары деңгейде әрі тазалық талаптарына сай өткізуге үлкен септігін тигізбек.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

