БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІ ЖАНЫНДАҒЫ МАЛ СОЮ АЛАНШАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

БАЙЗАҚ: АЙМАНТӨБЕ МЕШІТІ ЖАНЫНДАҒЫ МАЛ СОЮ АЛАНШАСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мейрамы қарсаңында Аймантөбе ауылы «Аймантөбе мешіті» жанындағы мал сою алаңшасының дайындық жұмыстары пысықталды. Арнайы ұйымдастырылған зерделеу барысында нысанның санитарлық жағдайы, мал сою тәртібі және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы назарға алынды.

Аталған алаңшаға Бақтыбек Бауыржанұлы барып, құрбандық рәсімдерінің шариғат талаптарына сай орындалуына қатысты бірқатар мәселелерді жеткізді. Сонымен қатар, алаң аумағындағы тазалық, қауіпсіздік және қалдықтарды уақытылы шығару жұмыстары бойынша жауаптыларға тиісті ұсыныстар айтылды.

Кездесу барысында қасапшылар мен ұйымдастырушыларға құрбандық шалу мәдениеті, малға жанашырлық таныту және халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде насихат жүргізілді. Сондай-ақ, мереке күндері тәртіп пен тазалықты сақтау ортақ жауапкершілік екені ерекше атап өтілді. Зерделеу жұмыстары Құрбан айт күндері діни рәсімдердің жоғары деңгейде әрі талапқа сай өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: