Байзақ: «АР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫНА ТӘЖ КИГІЗІЛДІ

Байзақ: «АР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫНА ТӘЖ КИГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахман» мешітінде Құран Кәрімді оқып-үйрену курсын тәмамдаған нәзік жандыларға құрмет ретінде тәж кигізу рәсімі өтті. Рухани шараға ұстаздар, шәкірттер және жамағат өкілдері қатысып, Құранға бет бұрған шәкірттердің қуанышына ортақтасты.

Іс-шара барысында тәж кигізу рәсімін ұстаз Жанат Әмірханқызы жүргізіп, шәкірттердің еңбегін жоғары бағалады. Ол өз насихатында Құранға деген махаббаттың маңызына тоқталып, қасиетті кітаппен байланысты нығайтудың жүрекке нұр, өмірге береке әкелетінін атап өтті. Сонымен қатар, ұстаз Құран үйренудің тек оқумен шектелмей, оны өмірде қолдану, көркем мінез қалыптастыру және рухани кемелденуге жетелейтінін ерекше айтты.

Шара соңында шәкірттерге игі тілектер айтылып, елдің амандығы мен берекесі үшін дұға жасалды. Мұндай рухани басқосулар жастардың діни білімге деген ынтасын арттырып, оларды ізгілікке баулуға ықпал етеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: