Таразда Құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

Таразда Құрбан айт мерекесіне орай брифинг өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен арнайы брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында ұлық мерекенің маңыздылығы сөз болып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының халыққа жолдаған Үндеуі таныстырылды.

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Зұлхижжа айының және Арапа күнінің қадір-қасиетіне тоқталып, биылғы мерекенің кестесін жариялады. Биылғы Арапа күні – 26 мамырға сәйкес келсе, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырда басталып, мереке 28, 29 мамырға созылады. Ал Айт намазы таңғы сағат 06:00-де оқылады. Бас имам өз сөзінде мереке күндері 3 күн бойы құрбандық шалынатынын, тұрғындар үшін дәстүрлі форматпен қатар qurban.muftyat.kz сайты арқылы онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі де қарастырылғанын атап өтті. Портал арқылы қой, ешкі және сиыр малына тапсырыс беруге болады.

Биыл Тараз қаласы бойынша құрбандық шалу рәсімі арнайы бекітілген қасапханада, яғни Исатай көшесі 1Т мекенжайында жүзеге асырылады. Шалынған малдың еті алдын ала тіркелген мұқтаж отбасыларға үлестіріледі. Бұл жұмысқа мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы жұмылдырылады. Сонымен қатар мереке күндері имамдардың балалар үйі мен Қаратау қаласындағы қарттар үйін зиярат етіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруы жоспарланған.

Құрбан айт – рухани тазару мен отбасы құндылықтарын дәріптейтін мейрам. Бұл күндері ата-анаға құрмет көрсету, балаларға қуаныш сыйлау – өскелең ұрпақтың жүрегінде ізгілік пен мерекеге деген құрметті тереңдетеді. Жиын соңында БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға тұшымды жауап алды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: