Аудандық кітапханада ауыл имам-молдаларына арналған Құрбан айт мерекесіне қатысты пәтуа семинары өтті. Айтулы жиынға ауданға қарасты мешіт имамдары мен молдалары қатысып, қасиетті мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру мен шариғи талаптарды түсіндіру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы сөз сөйлеп, Құрбан айттың рухани мәні мен мұсылман өміріндегі орнына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ құрбан шалудың үкімі, құрбандыққа қойылатын талаптар, мал сою әдебі және мұқтаж жандарға көмек көрсету сынды маңызды пәтуалық мәселелер түсіндірілді. Бас имам өз сөзінде дін қызметкерлерін жамағатқа дұрыс бағыт-бағдар беріп, мереке күндері ауызбіршілік пен қайырымдылық құндылықтарын кеңінен насихаттауға шақырды.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

