БАЙЗАҚ: АУЫЛДЫҚ МЕШІТТЕР АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАУДА

БАЙЗАҚ: АУЫЛДЫҚ МЕШІТТЕР АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖАСАУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Байзақ ауданына қарасты ауылдық мешіттерде дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауыл имамдары мен мешіт жамағаттары бірлесіп, мерекені жоғары деңгейде өткізу мақсатында ұйымдастыру шараларын қолға алды.

Қазіргі таңда мешіттердің ауласы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар айт намазына келетін жамағатқа қолайлы жағдай жасау үшін арнайы орындар әзірленіп, тазалық пен тәртіп мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, мешіт аулаларына «Құрбан айт құтты болсын» атаулары базылған баннерлер ілінуде.

Ауыл мешіттерінде Құрбан айттың мән-маңызы насихатталып, тұрғындарға қайырымдылық, ынтымақ пен бауырмалдық жайында уағыз-насихат айтылуда. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, құрбандық еттерін үлестіру бағытында да дайындықтар пысықталуда.

Мешіт қызметкерлері мен ерікті жастар мереке күндері көлік тұрақтарын реттеу, жамағатқа бағыт-бағдар беру сынды жұмыстарға да жұмылдырылмақ. Бұдан бөлек, балаларға арналған рухани-танымдық шаралар ұйымдастыру жоспарда бар. Ауданға қарасты ауыл имамдары барша тұрғындарды Құрбан айт мерекесін бірлік пен татулықта қарсы алып, мұқтаж жандарға қамқор болуға шақырды.

Алла Тағала барша мұсылман қауымының ниет-дұғаларын қабыл етіп, елімізге амандық пен береке нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: