Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы Құрбан айт мерекесіне орай аудандық кітапханада ауыл имамдарының басын қосып, маңызды жиын өткізді.
Жиналыстың басты мақсаты – қасиетті мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру, діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай өткізу керектігін, сонымен қатар қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату сынды ұлттық ойындарды ұйымдастырып, Құрбан айт намазына келген халыққа ұлттық тағамдар мен сусындардан бауырсақ, қымыз, шұбат дәмдерінен ауыз тигізуді тапсырып, халыққа рухани-насихат жұмыстарын күшейту керектігін айтты.
Кездесу барысында бас имам Құрбан айттың мәні мен маңызына тоқталып, құрбан шалудың тәртібі, санитарлық талаптарды сақтау, қайырымдылық шараларын үйлестіру мәселелерін түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл имамдарына жамағатпен тығыз байланыс орнатып, мұқтаж жандарға көмек көрсету, бірлік пен татулықты насихаттау міндеттері жүктелді.
Жиын соңында имамдар алдағы мерекеге дайындықты күшейтіп, Құрбан айт күндерінде атқарылатын іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге уағдаласты.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

