Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы Естай баба мешіті жамағатына тағылымды насихат кеші ұйымдастырылды. Кездесу барысында аудандық оңалту бөлімінің жетекшісі Баешов Азамат жиналған қауымға «Жат ағымның зардаптары» тақырыбында мазмұнды уағыз-насихат айтты.
Жат ағым адамды өз дінінен, өз жолынан алыстатады. Кейде адам байқамай теріс түсініктің соңынан еріп кетуі мүмкін. Сондықтан дін мәселесінде әр сөзге сене бермей, білімді ұстаздардан үйрену маңызды. Ата-бабамыз ұстанған тура жол — бірлікке, тыныштыққа, сыйластыққа бастайтын жол. Әр мұсылман өз отбасын, баласын, жақынын осындай теріс ағымдардың зиянынан сақтауға мән беруі керек. Осы жайында Баешов Азамат Естай баба мешіті жамағатына насихат айтып, дінде сақ болуға, дұрыс жолдан айнымай жүруге шақырды.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

