«Жібек жолы» мешіті жамағатына дін мен дәстүр сабақтастығын арқау еткен тағылымды насихат айтылды. Кездесуде дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы халқымыздың рухани өмірінде ислам құндылықтары мен ұлттық салт-сананың егіз ұғым екенін кеңінен түсіндірді.
Насихат барысында ата-бабадан жеткен әдеп, ізет, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық сынды асыл қасиеттердің дінімізбен үндес екені айтылды. Сондай-ақ ұлттық дәстүрді қадірлеу – өткенге құрмет қана емес, келер ұрпақтың санасына дұрыс тәрбие сіңірудің маңызды жолы екені ерекше атап өтілді.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

