Аудандық деңгейде ауыл имам-молдаларына арналған Уақып қорына қатысты семинар ұйымдастырылды. Айтулы жиын барысында қайырымдылық мәдениетін дамыту, қоғамда ізгілік құндылықтарын насихаттау және уақыптың рухани маңызы кеңінен сөз болды. Басқосуға ауданға қарасты мешіт имамдары мен молдалары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы «Уақып – сауабы сарқылмайтын садақа» тақырыбында мазмұнды насихат айтып, Исламдағы уақып ұғымының ерекшелігі мен оның қоғам игілігіндегі орнына тоқталды. Ол өз сөзінде уақыптың мұқтаж жандарға көмек көрсету, білім мен руханиятты қолдау, елге пайдалы игі істердің жалғасуына себеп болатын сауапты амал екенін атап өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық жасауда шынайылық пен жауапкершіліктің маңызы да кеңінен түсіндірілді.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

