Байзақ: АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА СЕМИНАР ӨТТІ

Байзақ: АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық кітапханада ауыл имам-молдаларына арналған тағылымды семинар ұйымдастырылды. Басқосу барысында дін қызметкерлерінің қоғамдағы орны, рухани тәрбие мен адал еңбек ұғымының маңыздылығы кеңінен сөз болды. Семинарға ауданға қарасты мешіт имамдары мен молдалары қатысып, өзара пікір алмасты.

Жиын барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында тағылымды насихат айтып, Ислам дініндегі маңдай термен табылған ризықтың қадірі жайында кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде адам баласының адал кәсіппен айналысуы, елге қызмет етуі және қоғам игілігі жолында еңбек етуі мұсылманның көркем мінезі мен жауапкершілігінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастарды еңбекқорлыққа баулу, ысырап пен жалқаулықтан сақтану мәселелері де қозғалды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: