Аудандық кітапханада QAMQOR-SHARAPAT бағыты аясында ауыл имам-молдаларына арналған семинар өтті. Тағылымды жиын барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Семинарға ауданға қарасты мешіт имамдары мен молдалары қатысып, игі бастамаларды жүзеге асыру жолдары жөнінде пікір алмасты.
Жиын барысында ауданның бас имамы Қанат Әділханұлы осы бағытқа жауапты маман Арман Көшербаевқа сөз берді. Ол өз кезегінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылатын 35 мың түп ағаш егу бастамасының маңызына тоқталды. Ол табиғатты қорғау – адамзаттың ортақ міндеті екенін атап өтіп, ағаш отырғызу сауапты іс әрі келер ұрпаққа жасалған аманат екенін жеткізді. Сонымен қатар, Ислам дінінде тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлық танытудың орны ерекше екені айтылып, дін қызметкерлерін елді мекендерді көркейту жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырды.



14 Маусым 2026
28 Зуль-хиджа 1447

