#Мойынқұм: Құмөзек ауылында еске алу шарасы өтті

#Мойынқұм: Құмөзек ауылында еске алу шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құмөзек ауылында Парламент депутаты Ерболат Саурықов әкесі Байұзақ Сарықовты еске алуға арналған кіші футболдан турнир ұйымдастырды. Ауыл жастары мен тұрғындары қатысқан жарыс достық пен бірлікті насихаттаған тағылымды шараға айналды.

Сонымен қатар, «Саурық ата» мешітінің хатымханасында марқұмның рухына арналып құдайы ас беріліп, Құран бағышталды. Жиналған жамағат марқұмның өмір жолын еске алып, ізгі тілектерін білдірді.

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын айтып, ел ішіндегі татулық пен ауызбіршіліктің маңызын атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: