#Шу: Бірлік ауылдық әкімшілігінде рухани кездесу өтті

#Шу: Бірлік ауылдық әкімшілігінде рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам және адал қоғам жылы аясында Бірлік ауыл әкімшілігінде «Адал еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді «Бірлік» мешітінің имамы Жұматай Медет жүргізіп, адал еңбек, адамгершілік құндылықтар және қоғамдағы бірліктің маңызы жайында насихат айтты.

Сонымен қатар, Бірлік ауылында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанын атап өтіп, ұлттар арасындағы сыйластық пен ауызбіршіліктің қоғам тұрақтылығындағы орны туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Имам ел ішіндегі татулық пен өзара құрмет – бейбіт өмірдің басты негізі екенін жеткізді.

Кездесу барысында қатысушылар рухани тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, Құрбан айт мерекесіне жоспарлар талқыланды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: