«Көкқайнар» мешітінің имамы Темірлан Оразбаев ауыл жастарымен кездесіп, «Отбасы құндылығы: Әке – отбасының тірегі» тақырыбында насихат айтты. Кездесу барысында отбасының қоғамдағы орны, әкенің тәрбиедегі рөлі мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Имам жастарға ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, ұлттық және рухани құндылықтарды сақтау жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтіріліп, ізгі ұрпақ тәрбиелеудің маңызы айтылды.
Кездесу соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Мұндай рухани кездесулердің жастар тәрбиесінде маңызы зор екені атап өтілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Мамыр 2026
9 Зуль-хиджа 1447

