Бірлікүстем ауылдық кітапханасында мекеме қызметкерлерімен «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауыл имамы Жетпісбай Әлімбеков отбасы құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі, ата-анаға құрмет көрсету және қоғамдағы адалдықтың маңызы жөнінде уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы рухани тәрбие, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және жастарды ұлттық әрі діни құндылықтарға баулу мәселелері кеңінен сөз болды. Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар ұйымдастырылған рухани кездесудің маңыздылығын атап өтіп, алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



26 Мамыр 2026
9 Зуль-хиджа 1447

