#Шу: Белбасар ауылдық әкімшілігінде рухани кездесу өтті

#Шу: Белбасар ауылдық әкімшілігінде рухани кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам және адал қоғам жылы аясында ауыл әкімшілігінде «Адал еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді «Хати Сауранбайұлы» мешітінің имамы Бақыт Тілемісов жүргізіп, адал еңбек ету, қоғамдағы жауапкершілік, адамгершілік құндылықтар жайында насихат айтты.

Жиын барысында имам адалдықтың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталып, ел бірлігі мен рухани тәрбиенің қоғам дамуына қосар үлесі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, қатысушылармен бірге алдағы Құрбан айт мерекесіне байланысты жоспарлар мен ұйымдастыру жұмыстары талқыланды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейтін ой-пікірлер айтылып, жиналғандар рухани әсер алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: