Бесағаш ауылы "Бесағаш" мешітінің молдасы Айтжан Керимов жамағатпен мазмұнды кездесу өткізіп, «Дін мен дәстүр – егіз ұғым» тақырыбы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында ол ислам дінінің ұлттық салт-дәстүрмен біте қайнасқан құндылық екенін жан-жақты баяндап өтті.
Молда дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы емес, керісінше өзара толықтырып, қоғамның рухани негізін қалыптастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ата-бабадан қалған ізгі дәстүрлердің шариғатқа сай келген тұстарын сақтау қажеттігін түсіндірді.
Айтжан Керимов ұлттық құндылықтарды құрметтеу – имандылықтың көрінісі екенін нақты мысалдармен жеткізді. Ол жастарды салт-дәстүрді дұрыс түсініп, оны дінмен ұштастыра білуге шақырды. Сонымен қатар, жат ағымдардың дәстүрге қарсы пікірлеріне сын көзбен қарау қажеттігі де айтылды.
Молда қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуда дін мен дәстүрдің маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Жамағатқа отбасылық тәрбие мен үлкенді сыйлау секілді қасиеттердің де діни негізі бар екені түсіндірілді. Кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Жиын жалпы жамағатқа рухани бағыт-бағдар беріп, ұлттық болмысты сақтаудың маңызын ұғындырды. Кездесу соңында қатысушылар молдаға алғыстарын білдіріп, мұндай тағылымды басқосулардың жалғасуын тіледі.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


26 Мамыр 2026
9 Зуль-хиджа 1447

