ЖАМБЫЛ: НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

ЖАМБЫЛ: НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлесу Еңбек ауылы "Бірлесу Еңбек" мешітінің молдасы Сакен Джолдасбеков жамағатпен тағылымды кездесу өткізіп, «Нәпсіні тәрбиелеу» тақырыбында мазмұнды уағыз айтты.

Уағыз барысында ол нәпсіні тәрбиелеу әрбір мұсылманның рухани кемелдену жолындағы маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Молда адам бойындағы нәпсінің түрлі қалауларға жетелейтінін, ал оны тежей білу имандылықтың белгісі екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол сабыр мен тақуалық нәпсіні тәрбиелеудің негізгі құралдары екенін нақты мысалдар арқылы жеткізді.

Сакен Джолдасбеков Құран аяттары мен хадистерге сүйене отырып, нәпсіні тазартып, жүректі түзетудің жолдарын баяндады. Ол жамағатты артық құмарлықтан, ашкөздік пен тәкаппарлықтан сақтануға шақырды. Сонымен қатар, күнделікті құлшылықтың, әсіресе намаз бен оразаның нәпсіні тәрбиелеудегі рөлі ерекше екені айтылды. Жамағатқа шынайы ниет пен ықыластың маңыздылығы да кеңінен түсіндірілді. Уағыз барысында тыңдаушыларға терең ой салатын өнегелі насихаттар ұсынылды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға молда нақты әрі тұшымды жауаптар берді. Жиын жалпы қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, өзін-өзі тәрбиелеуге деген ынтаны арттырған тағылымды басқосу болды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: