Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатпен арнайы кездесу өткізіп, пәтуа сағатын ұйымдастырды.
Аталған шара барысында ол күнделікті өмірде туындайтын діни мәселелерге қатысты кеңінен түсіндірме беріп, шариғат үкімдерін жүйелі түрде жеткізді. Жамағат тарапынан қойылған сан алуан сұрақтарға имам нақты дәлелдерге сүйене отырып, байыпты әрі түсінікті жауаптар қайтарды.
Әсіресе, құлшылықтағы қателіктер, адал-арам мәселелері және отбасылық қатынастар төңірегіндегі сұрақтар кеңінен талқыланды. Даурен Куттыбаев әрбір мәселені Құран мен сүннет негізінде тарқатып, тыңдаушылардың діни сауатын арттыруға баса мән берді.
Сонымен қатар, ол күмәнді ақпараттарға ермеуге, сенімді дереккөздерге жүгінуге шақырды. Пәтуа сағаты барысында жамағаттың белсенділігі байқалып, өзекті сұрақтар еркін қойылды. Бұл кездесу көпшілікке пайдалы болып, олардың көкейіндегі түйткілді мәселелердің шешімін табуға ықпал етті.
Жиын соңында қатысушылар имамға ризашылықтарын білдіріп, мұндай игі шаралардың жалғасын табуына тілектестік танытты.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

