Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев жамағатпен тағылымды кездесу өткізді. Кездесу барысында ол «Ислам және адал қоғам» тақырыбында кең көлемді түсіндірме жұмысын жүргізді.
Имам өз сөзінде адалдықтың мұсылман өміріндегі негізгі құндылықтардың бірі екенін атап өтті. Адал қоғам қалыптастыру әрбір адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын жеткізді.
Сондай-ақ, шынайылық пен әділдік – қоғамның тұрақтылығы мен берекесінің кепілі екеніне тоқталды. Даурен Құттыбаев Құран аяттары мен хадистер арқылы адалдықтың маңызын дәлелдеп берді. Ол жамағатты күнделікті өмірде таза еңбек етуге, әділ болуға және аманатқа қиянат жасамауға шақырды.
Имам сөзінде жастар тәрбиесіне ерекше мән беріп, оларды дұрыс жолға бағыттаудың маңызын айтты. Адал ұрпақ – жарқын болашақтың негізі екені де кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар берілді. Жиын қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, ой салды.
Мұндай насихат жұмыстары қоғамдағы ізгілік пен бірлікті арттыруға ықпал ететіні атап өтілді. Кездесу соңында жамағат имамға алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

