ЖАМБЫЛ: АУДАНДЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАНАРАЛЫҚ ІССАПАРЛАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ЖАМБЫЛ: АУДАНДЫҚ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АУДАНАРАЛЫҚ ІССАПАРЛАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қапал ауылы "Қапал" мешітінде "Бесағаш" мешітінің азаншысы жамағатпен кездесіп, «Тазалық – иманнан» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында ол тазалықтың исламдағы орны ерекше екенін жан-жақты түсіндіріп өтті. Атап айтқанда, сыртқы тазалықпен қатар ішкі рухани тазалықтың да маңызы зор екені кеңінен баяндалды. Азаншы күнделікті өмірде тазалықты сақтау – мұсылманның басты міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, ол дәрет алу, киім мен қоршаған ортаны таза ұстау сияқты амалдардың құлшылықтағы рөліне тоқталды.

Тазалықтың денсаулыққа да оң әсер ететіні нақты мысалдар арқылы жеткізілді.

Жамағатқа жүрек тазалығын сақтау, жаман ойлардан арылу қажеттігі де насихатталды. Сонымен қатар, қоғамдағы тазалық мәдениетін қалыптастыру әрбір адамның жауапкершілігі екені айтылды. Уағыз барысында тыңдаушыларға терең ой салатын өнегелі насихаттар ұсынылды.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Жиын жалпы қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, тазалықтың иманмен тығыз байланысын ұғындырған мазмұнды басқосу болды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: