«Ар-Рахим» мешітінің имамы Алтынбеков Абдулла құдай асқа жиналған көпшілікке «Отанды жақсы көру – иманнан» тақырыбында насихат айтты. Уағыз барысында туған жерді қадірлеу, ел тыныштығын сақтау және бірлікті нығайтудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Имам өз сөзінде: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға хижрет еткенде, туып-өскен жерін қимай, Меккеге қарап тұрып айтқан әйгілі сөзі: «Уа, Мекке! Сен жер бетіндегі Аллаға ең сүйкімді және маған ең ыстық қаласың. Егер мүшріктер мені сенен шығармағанда, мен өз еркіммен ешқашан кетпес едім» және тағы бір хадисінде Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген еді: Мына екі көз тозақта күймейді: біріншісі, күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі, Отанды қорғап, шекара күзеткен көз.» - деп, Отанға қызмет ету, халыққа пайдасын тигізу және ел амандығына үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, ата-баба аманатына адал болып, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді құрметтеудің маңызына тоқталды.
Жиналған көпшілік рухани тағылымға толы насихатты ықыласпен тыңдап, ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

