Қарасу ауылдық мешітінің имамы Абдуманап Дулат жалғыз басты әженің үйіне арнайы барып, көмек қолын созып, әженің ауласында өсіп кеткен шөптер орылып, айналасы тазаланып, ретке келтірілді.
Бұл қайырымдылық шарасы мұқтаж жандарға қолдау көрсету және үлкенге құрмет таныту мақсатында ұйымдастырылды. Имам өз сөзінде мұсылманның көркем мінезінің бірі – әлсізге жәрдем беру және жалғызбасты кісілерге қамқор болу екенін атап өтті.
Әже мешіт имамына шынайы алғысын білдіріп, жасаған көмектері үшін батасын берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

