«Жақсымбет» мешітінде сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі шара барысында мешіт ауласы мен айналасы қоқыстан тазартылып, ағаштар ретке келтіріліп, қоршаған ортаны көркейту жұмыстары атқарылды.
Сенбілікке мешіт жамағаты мен ерікті жастар белсенді қатысып, ауызбіршілік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті. Шара барысында тазалықтың исламдағы маңызы айтылып, қоршаған ортаны таза ұстау – мұсылманның көркем мінезінің бір белгісі екені насихатталды.
Жамағат мұндай игі бастамалар мешіттің көркеюіне ғана емес, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға да үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

