«Рахымбай ата» мешітіне жаңа дыбыс зорайтқыш құрылғылары орнатылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды. Жаңа құралдардың көмегімен азан дауысы мен уағыз-насихаттардың анық естілуі қамтамасыз етіліп, дыбыс сапасы жақсарды.
Бұл игі іс демеушілердің қолдауымен жүзеге асып, мешіт қызметінің сапасын арттыруға бағытталды. Жамағат жаңа дыбыс жүйесінің орнатылуына ризашылықтарын білдіріп, сауапты іске атсалысқан азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Алла үйінің көркеюі мен жамағатқа жағдай жасау жолындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

