Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы Қосаев Мұратбек әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, «Жақсылыққа шақыру, жаманшылықтан тыю» тақырыбында насихат жүргізді. Кездесу барысында ислам дінінің адамзатты ізгілікке, мейірімділікке және татулыққа үндейтіні кеңінен түсіндірілді.
Имам өз сөзінде қоғамның түзелуі әр адамның жақсы амал жасауынан басталатынын айтып, сарбаздарды әдептілікке, жауапкершілікке және өзара сыйластыққа шақырды. Сонымен қатар, жаман әдеттерден аулақ болу, тәртіпті сақтау және айналасына пайдалы азамат болудың маңызы насихатталды.
Кездесу барысында Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіріліп, жақсылық жасаудың сауабы мен тәрбиелік мәні айтылды. Сарбаздар рухани әсер алып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

