Ақжол ауылдық мешіт ұжымы ауыл мектебіне арнайы барып, білім ордасының ауласына көрік беру мақсатында 5 түп бозарша ағашын сыйға тартты. Игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты аялауға үндеу және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру.
Мектеп әкімшілігі мешіт ұжымына ризашылықтарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың жастарға үлгі болатынын атап өтті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


31 Шілде 2026
15 Сафар 1448

