Меркі: «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өтті

Меркі: «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Андас батыр ауылдық мешіт имамы Абдураимов Әділ әскери бөлім сарбаздарымен кездесіп, «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында насихат айтты. Кездесу барысында сарбаздарға дәстүрлі діннің маңызы, жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны және діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.

Имам өз сөзінде ата-бабамыз ұстанған ханафи мәзһабы мен матуриди сенімінің бірлік пен тұрақтылықтың негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттарға ермеу қажеттілігі айтылды.

Сарбаздарға Отанды қорғау – үлкен жауапкершілік әрі сауапты іс екені насихатталып, ел тыныштығы мен татулықты сақтау әр азаматтың міндеті екені жеткізілді. Кездесу соңында сарбаздар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: