Меркі ауданасының бас имамы Кожахметов Дәуіт «Жүніс молда» мешітіне арнайы барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Зерделеу барысында мешіттің тазалығы, жамағатқа көрсетіліп жатқан қызметтер, кітап сөресіндегі барлық кітаптар ҚМДБ сарпатамасынан өткен кітаптар екені қаралды.
Зерделеу барысында бас имам мешіт жамағатымен жүздесіп, имандылық, бірлік және ынтымақ жайында насихат айтты. Сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне діни жұмыстарды жүйелі жүргізу, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу және жамағатпен тығыз байланыс орнату жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



27 Мамыр 2026
10 Зуль-хиджа 1447

